Қазақ тілін үйренуге арналған «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Менің үйім» тақырыбына арналды. Сабаққа алғаш рет Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 3 курс студенті Балташ Дария қатысты. Қазақ тілін оқып үйренуге ниеттенген Дария өзіне берілген қызықты тапсырмаларды белсенді орындады.


