Кітапханада дәстүрлі кітап сыйлау күні өтті.
Акцияның басты мақсаты балалардың кітап оқуы мен кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыруға ықпал ету, технология заманында да кітап өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету.
Осы айтулы мерекеге арнап бүгін кітапханашылар тұрақты оқырмандарымызға кітап сыйлады.
Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері Абай атындағы мектеп-гимназиясының кітапхана қорына 20 дана кітаптар мен бірнеше дана журналдар сыйлады. Рухани қазынаның қайнар бұлағы-кітап демекші, кітапқұмар оқырмандарымыз көп болсын.
Мереке құтты болсын, қымбатты балалар!


