«Сөредегі ғажайып кітаптар» авторлық кітап көрмесі

Біздің оқырманымыз, №15 мектептің 7-сынып оқушысы Асанәлі Арун «Сөредегі ғажайып кітаптар» атты жеке авторлық кітап көрмесін жасауға қатысты.
Авторлық кітап көрмесі — бұл оқырманның өзіндік визит кәртішкесі, оның көмегімен ол өз құрдастарына әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптарды оқуды ұсына алады. Асанәлі кітап оқығанды өте жақсы көреді және өзінің кітап оқуда нені ұнататынымен бөлісті.