«Рәміздер тәуелсіздік тұмары»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күнінің 30 жылдығы қарсаңында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Рәміздер тәуелсіздік тұмары» таныстыру сағаты өткізілді. Болашақ ұрпақтың бойына Отанға деген адалдықтың бір белгісі саналатын – Мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту қасиетін дарыту біздің басты міндетіміз. Балалар аталмыш шара барысында шағын викторина сұрақтарына жауап беріп, «Мемлекеттіктің басты белгісі» атты кітап көрмесімен танысты.