А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шығармасына талдау

Кітапханамызда М. Жұмабаев атындағы гимназияның 10-сынып оқушылары А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шығармасына талдау жүргізілді. Олар Ақбергеннің ауыр тағдыры мен бастан кешкен оқиғаларын талқылап, кітапта жоқ, бірақ фильмде кездесетін көріністері туралы өз ойларын жеткізді.
Оқушылар қойылған сұрақтарға нақты, мазмұнды жауап беріп, балалық шақтың мәнін ашатын тұстарын ерекше атап өтті. Талдау әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, шығарманы тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Scroll to Top