Menu Close

«Ит» шеберлік сабағы

Кітапханада өткен «Ит» атты көңілді шеберлік сабағында балалар синель сымынан түрлі пішіндер жасауды үйренді. Олар сымды бұрау мен пішіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгеріп, иттің мұрнын, құлағын және құйрығын өз қиялдарымен әсемдеді. Балалар жұмысқа үлкен қызығушылықпен кірісіп, әрқайсысы өз туындысын ерекше етіп жасауды мақсат етті.