🎉 Бүгін 14–15 жас аралығындағы балалар арасында «Қыз Жібек» лиро-эпостық поэмасын мәнерлеп оқу бойынша облыстық байқау өз мәресіне жетті!
Қарағанды, Теміртау, Шахтинск және Балқаш қалаларының оқушылары тестілеуден өтіп, поэманы шеберлікпен мәнерлеп оқып, 200 жолын жатқа айтып, өз таланттарын паш етті. Солардың арасынан ең үздіктері байқаудың жеңімпаздары атанды.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз және олардың еңбегі мен табандылығына алғысымызды білдіреміз! 🌟
I дәрежелі диплом иегері – Хызырқызы Әділгүл, Шахтинск қаласындағы С. Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы.
II дәрежелі диплом иегері – Дарияев Шахислам, Қарағанды қаласындағы Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернат оқушысы.
III дәрежелі диплом иегерлері – Рамазан Мейіржан, №64 негізгі орта мектептің оқушысы; Багланова Алина, Қарағанды қаласындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы.
Арнайы номинациялар:
«Орындаушының шынайылығы» – Мүкапбар Томирис, Теміртау қаласындағы Ғ. Мұстафин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы.
«Әртістік шеберлік» – Искакова Айару, Балқаш қаласындағы №15 Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы.
«Жыр жүйрігі» – Аманжол Балнұр, Қарағанды қаласындағы №19 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы.
«Жыршылық өнер» – Бахытқан Аяулым, Теміртау қаласындағы Ғ. Мұстафин атындағы жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы.
«Қыз Жібек жыр білгірі» – Абылаева Альбина, Қарағанды қаласындағы Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияның оқушысы.




