Бүгін кітапханада Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында ұйымдастырылған «Балалар әділ қоғам үшін» атты қалалық плакаттар байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға оқушылар, ұстаздар, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Шараның құрметті қонағы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Макеев қатысушыларды құттықтап, балалардың сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы шығармашылық еңбегіне жоғары баға берді.
Байқауға ұсынылған жұмыстарды саралай отырып, әділқазылар алқасы үш үздік жұмысты анықтады:
Бірінші дәрежелі диплом иегері – Чернухина Лия, «№2 лицей» КММ оқушысы;
Екінші дәрежелі диплом иегері – Трофимов Александр, «№46 ЖББМ» КММ оқушысы;
Үшінші дәрежелі диплом иегері – Тажиева Ламиса, «№5 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды, сондай-ақ байқауға қатысқан барлық оқушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.








