Menu Close

Итальяндық жазушы және эколог Роберто Болтримен кездесу

Кітапханада итальяндық жазушы және эколог Роберто Болтримен кездесу өтті.
Жиынға автордың достары мен оқырмандары қатысып, жазушымен еркін әңгімелесіп, оның шығармашылығы мен кәсіби жолы туралы жан-жақты мағлұмат алды.
Кездесу барысында Роберто Болтри орыс тілінде жарық көрген «Забытая трагедия» атты кітабын таныстырды. Бұған дейін еңбек итальян тілінде басылып шыққан болатын, ал автордың бастамасымен оның данасы Абай атындағы кітапхана қорына сыйға тартылды. Кітапта Карлагта қуғын-сүргінге ұшыраған итальяндық отбасылардың тағдырлары баяндалады. Ондағы оқиғалар драматизмімен және адам төзімділігінің көріністерімен ерекшеленіп, оқырманға терең әсер қалдырады.
Шырайлы әңгіме барысында Роберто Болтри репрессияға ұшыраған итальяндықтар туралы кітап жазу идеясының қалай пайда болғанын да айтып берді.
Біз авторға қаламызға арнайы келіп, өзінің кітаптарын тарту еткені үшін зор алғысымызды білдіреміз.