Menu Close

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» кітап көрмесі

Кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде Желтоқсан көтерілісінде ерлікпен қаза тапқан ұл-қыздар туралы жазылған еңбектер орын алды. Олардың қатарында Қ.Табеевтің «Қарағайдың қарсы бұтағы», «Ең соңғы майдан», «Құйынға түскен ғұмыр» атты шығармалары, Б.Қойшыбаевтың «Тәуелсіздік тамырлары», «Тәуелсіз һәм зиялылар», «Өмір күрес» кітаптары бар. Сонымен қатар, бұл көрмеде Қазақстанның тарихи даму жолын айқын көрсететін зерттеу еңбектері мен көркем туындылар ұсынылған.
Бүгін Шәкәрім атындағы гимназия оқушылары үшін кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды. Оқушыларға қазақ халқының бай тарихы баяндалып, Керей мен Жәнібектің дәуірінен бастап Қазақ хандығының қалыптасуы және қазіргі тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарихи кезеңдер баяндалды.
Көрме 19 желтоқсанға дейін жалғасады. Баршаңызды осы мазмұнды және танымды кітап көрмесіне шақырамыз!