Menu Close

«Bon Appétit: эклер дайындау» шеберлік сағаты

Бүгін Франция мәдениеті апталығының аясында кітапханамызда нағыз тәтті мерекесі №6 ЖББ мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. «Bon Appétit: эклер дайындау» атты шеберлік сабағы оқырмандарды француз кондитерлік дәстүрінің әсемдігімен таныстырып, шығармашылық атмосфера қалыптастырды.
Шеберлік сабағын Қарағанды сервис және тамақтану колледжінің 3 курс студенті Әлия Марахим өткізді. Ол қатысушыларға эклер әзірлеудің технологиясын кезең-кезеңімен түсіндіріп, кәсіби құпияларымен бөлісті.
Шара тек тәтті дәм ғана емес, сондай-ақ Франция мәдениетінің өзіндік ерекшелігін сезінудің тамаша мүмкіндігін ұсынды.