Бүгін кітапханада «Под парусом фантазии: Жюль Верн приглашает» атты қызықты квест өтті. Іс-шара Франция мәдениеті апталығы аясында ұйымдастырылды. Квестті «Қарағанды Француз Альянсы» ұйымының өкілдері – Екатерина Фирсова мен Поль Мюра жүргізді. Шараға №30 мектептің оқушылары қатысты.
Балалар әртүрлі станциялар бойынша саяхат жасап, жұмбақтарды шешіп, сан алуан тапсырмаларды орындады. Бұл квест қатысушыларға жарқын эмоциялар сыйлап қана қоймай, француз мәдениеті мен Жюль Верн шығармашылығын тереңірек танып-білуге үлкен мүмкіндік берді.
Белсенділігі мен қызығушылығы үшін барлық қатысушыларға зор алғыс! Сондай-ақ осындай тамаша іс-шараны ұйымдастырған Француз Альянсына ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Бұл квест балалар үшін қиял мен жаңалыққа толы ерекше саяхат болғанына сенімдіміз!




