Menu Close

«Шырша» сабын жасау шеберлік сабағы

Кітапханада сабын жасаудан қызықты шеберлік сабағы өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қолмен сабын дайындаудың негізгі тәсілдерімен танысып, сабын негіздерінің түрлері, хош иістер мен бояғыштардың ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет алды.
Жұмыс барысында шығармашылыққа толы жылы атмосфера орнап, қатысушылар арасында еркін қарым-қатынас, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды иістер үйлесім тапты
Барлық қатысушылар тапсырманы сәтті орындап, өз қолдарымен жасаған дайын сабындарын естелік ретінде алып қайтты.
Шеберлік сабағы мазмұнды, нәтижелі өтіп, қатысушыларға тек жағымды әсер сыйлады
Іс-шараға белсенді қатысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы шығармашылық кездесулерде жүздескенше!