Menu Close

«Tout sur la France» («барлығы Франция туралы») интеллектуалды квиз ойыны

Бүгін «Мәдениеттер тоғысында» жобасы аясында өтіп жатқан Франция мәдениеті апталығының кезекті шараларының бірі — «Tout sur la France» («Барлығы Франция туралы») интеллектуалды квиз ойыны.
Қатысушы командалар Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп оқушылары және Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері Францияның тарихы, әдебиеті, өнері, спорт және мәдени құндылықтары туралы білімдерін сынап, тапқырлықтары мен жылдамдықтарын көрсетті.
Шара атмосферасы көтеріңкі, командалық рух өте жоғары болды! Жеңімпаздар арнайы номинациялар бойынша сертификаттармен, сыйлықтармен марапатталды.