28 желтоқсанда кітапханада «Қар ұшқыны» атты шеберлік сабағы өтті. Бұл шара шығармашылыққа толы, көңілге қуаныш сыйлайтын нағыз мереке болды. Балалар ілгішпен тоқудың қызықты әлеміне еніп, жіптің түрлерімен, құралдарымен және тоқудың негізгі тәсілдерімен танысты.
Әр қатысушы өз қар ұшқынын жасауда барын салды. Балалар тек шыдамдылық пен зейіндерін ғана емес, қиялын да танытып, қарапайым жіптерді нағыз өнер туындыларына айналдырды.





