Абай атындағы кітапханада жылы әрі мерекелік көңіл-күй орнады. Кітап сөрелерінің ортасында музыкант әрі суретші Валерий Роголев «Ғажайып қала» атты ерекше инсталляцияны көпшілік назарына ұсынды.
Кітапханаға келген «Еркетайым» балабақшасының бүлдіршіндері қуанышқа бөленіп, айналаны шаттыққа толтырды. Балалардың көздеріндегі қуаныш жақындап келе жатқан мерекенің әсерін аңғартты.
Балалар ертегі кейіпкерлері мен жаңа жылға байланысты әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады. Олардың күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі кітапханаға ерекше мерекелік әсер берді. Сол мезетте кітапхана тек кітаптар жиналған орын емес, балалардың қиялына қанат бітірген ортаға айналды.





