Menu Close

«Қала картасындағы кітапхана» экскурсиясы

«Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары үшін кітапханада мазмұнды әрі қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға кітапхана қорындағы жаңа әдеби кітаптар таныстырылып, әртүрлі шығармаларға қысқаша шолу жасалды. Балалар таныстырылған кітаптар туралы пікір алмасып, өз әсерлерімен бөлісті.
Ерекше назар жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» атты кітабына аударылды. Шығарманың тақырыбы мен мазмұны туралы қысқаша мағлұмат беріліп, оқушылар шығармаға қатысты өз ойларын білдіруге мүмкіндік алды.