Бүгін біздің кітапханамызда «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 6-сынып оқушылары О. Жанайдаровтың «Қазақстанның мифтері мен аңыздары» атты шығармасы бойынша интерактивті сабаққа қатысты. Балалар қазақ мифологиясымен және «Шәйтанкөл», «Баянауыл», «Балқаш көлі» т.б аңыздарымен танысып олардың сырын зерттеді.
Сабақ соңында оқушылар Kahoot ойыны арқылы алған білімдерін тексеріп, мифтер мен аңыздарға қатысты сұрақтарға белсенді жауап берді.





