Жаңа жылдық мерекелерден кейін кітапхана жұмысының алғашқы күнінде дәстүрлі түрде «Сен — біздің алғашқы оқырманымыз» акциясы өтеді. Бұл күні біз жылдың алғашқы оқырмандарын — белсенді, ізденімпаз әрі кітапты шын сүйетін жандарды ерекше ықыласпен құрметтейміз. Дәстүрлі түрде алғашқы оқырмандарға естелік медальдар мен сыйлықтар тарту етіледі.
2026 жылы алғашқы оқырман атанып, медаль иегерлері болғандар: Македонец Анастасия, Мұғыйын Ерсұлтан, Мұғыйын Айбар, Тимофеева Мелисса, Тимофеев Георгий, Қазахбай Ахмет, Қазахбай Кәусар, Яковлева Дарья, Яковлев Федор, Федоров Егор.
Оқуға деген шынайы қызығушылықтары үшін оқырмандарымызға алғыс білдіреміз және жаңа кітапхана жылы дәл осы оқырмандардан басталғанына қуаныштымыз!








