Спид-дейтинг «Мерзімді басылымдар назарда»

Кітапханада «Мерзімді басылымдар назарда» атты қызықты спид-дейтинг өтті. Іс-шара ақпаратты жылдам алмасу форматында ұйымдастырылып, балаларға бір-бірінің қызығушылықтарымен танысуға және баспасөз туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Қатысушыларға қысқа уақыт ішінде журналдарды мазмұны, безендірілуі, қызықты айдарлары және т.б. өлшем бойынша бағалау ұсынылды. Балалар өзекті жарияланымдардың тақырыптарын талқылап, пікір алмасты. Бұл шара әртүрлі мерзімді басылымдармен танысуға ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас жасау, сыни ойлау және қажетті ақпаратты іздеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Scroll to Top