Кітапханада 12 жасар жас автор Платон Нечаевтың «Платонның сиқырлы әлемдері» атты ертегілер топтамасының таныстырылымы өтті. Ерте жастан экология, климат және тұрақты даму мәселелеріне қызығушылық танытқан Платонның шығармашылығы осы маңызды тақырыптарды көркем тілмен жеткізеді.
2024 жылы әдеби жолын бастаған Платонның туындылары қысқа уақытта халықаралық назарға ілікті. Оның ертегілері Сауд Арабиясындағы ЮНЕСКО конференциясында және жазғы Олимпиада ойындары кезінде Парижде өткен мәдени іс-шараларда таныстырылды. Қазіргі таңда жас автордың қорында онға жуық шығармасы бар, әрқайсысы мән-мағынаға және сиқырға толы.
Платон сондай-ақ кітаптарды, экологиялық жолдар мен білім беретін Telegram-ботты біріктіретін EcoStories жобасын ұсынды.
Жаңа «Волшебные миры Платона» кітабында автордың таңдаулы ертегілері жинақталған. Олар оқырманға табиғат сұлулығын, мейірімділіктің маңызын және технологияның ғажайып мүмкіндіктерін көрсетеді. Бұл ертегілер тек көңіл көтеру үшін ғана емес, табиғат, мейірім және технологиялардың үйлесімінде өмір сүрудің маңызын түсіндіретін нағыз саяхат. Ертегілер оқырмандар үшін жолсерік жұлдыз болып, оларды ортақ үйіміз – Жерге қамқорлық жасауға шабыттандырады.






