4 ақпанда Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Қарағанды облысы кітапханаларының жиынтық каталогын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына облыстық кітапханалардың басшылары мен мамандары қатысты.
Іс-шара спикерлері: «ЭйВиДи-Казақстан» ЖШС директоры Токмаков Вячеслав Викторович, «ЭйВиДи-Казақстан» ЖШС оқу-әдістемелік бөлімінің жетекшісі Емельянов Алексей Евгеньевич, «ЭйВиДи-систем» ЖШС оқу-әдістемелік бөлімінің бас маманы Старышкина Надежда Леонидовна.
Дөңгелек үстел барысында облыстық кітапханалардың мамандарымен жиынтық каталогты қалыптастыру бойынша құжатты әзірлеу және бекіту, жиынтық каталогқа арналған библиографиялық жазбаларға қойылатын талаптарды бекіту, жиынтық каталогта каталогтауды жүргізу бойынша әдістемелік шешімдерді бекіту, бірыңғай оқырман билетін енгізу мәселелері талқыланды.
Аталған іс-шара кітапхана үдерістерін цифрландыруды жетілдіру және пайдаланушыларға арналған цифрлық сервистерді енгізу бағытындағы маңызды қадам болды. Бұл өз кезегінде кітапхана ресурстарын тиімді басқаруға және ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.



