«Кітап оқитын ұлт» өңірлік жобасы өз жалғасын табуда. Бүгін оқу үшін ұсынылған кітаптар тізіміне енген Эрих Мария Ремарктың «Үш жолдас» романы бойынша талқылау өтті. Іс-шараға №4 арнайы мектеп-интернатының оқушылары қатысты.
Оқушылар романнан алған әсерлерімен бөлісіп, кейіпкерлер тағдыры, автор көтерген мәселелер туралы өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ Ремарктың өмірі мен шығармашылығы, оның заманы мен тарихи оқиғалардың шығармада қалай көрініс тапқаны айтылды.
Талқылау барысында романның негізгі идеясы — соғыстан кейінгі Германиядағы достық, махаббат пен өмір үшін күрес тақырыптарына ерекше назар аударылды. Қатысушылар бұл шығарма қиын кезеңдердегі үміт пен табандылықтың символына айналғанын атап өтті.
Кездесу «Үш жолдас» романының бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпаған, оқырманды терең ойға жетелейтін маңызды туынды екенін көрсетті.




