Танымдық викторина

Кітапханамызға №3 гимназияның 1-сынып оқушылары келді. Балаларға кітапхана бөлімдері бойынша қызықты экскурсия ұйымдастырылып, кітапхананың тарихы мен қоры таныстырылды. Оқушыларға мазмұны бай, әсем безендірілген кітаптар көрсетілді. Танымдық викторинаға балалар белсене қатысып, ерекше қызығушылық танытты.

Scroll to Top