Кітапханада «КИІЗ ҮЙ» этноконструкторын жинаудан тренинг өтті.
Іс – шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды жандандыру, ата-бабаларымыздан қалған асыл-мұраны сақтауға, қастерлеуге шақыру.
Шара барысында кітапханашы балаларға киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беріп, жүйелі түрде киіз үйдің құрылысы және жабдықтарымен таныстырды.Тренингке №4 ЖББОМ-тің 5 сынып оқушылары қатысып, балалар киіз үйді құрастыруға атсалысты.


