Сәуiр 14, 2022 «Жетістік формуласы» Мария Ауезовамен By odb-abai inЖаңалықтар 14 сәуірде «Жетістік формуласы» тележобасы аясында жаңа кездесу өткізілді. Екі аяғына ампутация жасағаннан кейін биіктігі 5364 метр Эверест базалық лагеріне және 5640 метр биіктіктегі Кала Патхар тауына шыққан рекордшы әйел Мария Ауезова бағдарлама қонағы болды. Шығарылымның кейіпкері еңбектенуге және өз алдына қойған мақсаттарына жетуге үйренген, бірақ студияда жиналған жастардың алдында Мария өзінің әлсіз жақтарын мойындаудан қорықпады. Ол өзінің ерекше өмірлік тәжірибесімен бөлісуге, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және көмектесуге дайын. Кейіпкердің өзі мойындағандай, бұл кездесу оған көптеген жағымды эмоцияларды бастан кешіріп, жүріп өткен жолын еске түсіруге және оған жаңаша көзқараспен қарауға көмектесті. Мария бала кезінде ең қарапайым бала болғанын, көшеде достарымен қозғалмалы ойындарды ойнауды жақсы көргенін есіне алады. Оның тұлға болып қалыптасуында отбасы үлкен рөл атқарды. Туыстары мен достарының қолдау кейіпкерге әрдайым, оның ішінде Эверест лагерлерінің бірін бағындыруға да көмектесті. Қатысушыларды 22 жасында екі аяғынан айырылған қыздың тауға шығып, шыңды қалай бағындырғаны қатты қызықтырды. «Бұл өте қиын болды, – дейді бағдарлама қонағы, – бірақ мен оны орындадым деп жауап берді». Марияны өмірде болған оқиға жан-жағына басқаша қарауға, бүгінгі күнмен өмір сүруге үйретті. Мария әлемді өзгерту үшін алдымен өзіңді өзгерту керек екеніне сенімді. Және оған ол қол жеткізе алды. Ол орындалмайтын жоспарларды жасамайды, әрбір жаңа күнді бағалап, жаңа адамдармен қуана танысады және өзінің өмірі көптеген қуаныштарға толы болғаның армандайды. Қонаққа Қарағанды облыстық жоғары медбикелік колледж студенті Ульяна Кимнің «Кейіпкер қай бір уақыттарда өз ұстанымдарын ұмытып кетті ме?» – деген сұрағы ұнады. Балалар бұл қызықты кездесу туралы оң пікірлерін қалдырды.