Адам сан ғасырлар бойы қоршаған әлемді, атап айтқанда, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін бақылап олардың сырларын ашуға тырысады.
Осы ұранмен «Кітап өсімдіктер мен жануарлар әлемін ашады тақырыбында жазғы оқу залына №91 ЖББМ жанындағы лагерь балаларына арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Балалар викториналар мен ойындарға белсене қатысып, кітаптар мен мерзімді басылымдардан флора мен фауна әлемі туралы көптеген қызықты мәліметтер білді.


