Маусым 13, 2023 Перғауын жыландары By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 13 маусым күні қызықты деректер күні аясында Әл -Фараби атындағы мектеп-гимназиясының жазғы лагерь балаларына арналған «Перғауын жыландары» атты тәжірибе өткізілді. Балалар «Перғауын жыландарын» кальций глюканатын қолдану арқылы жасады. Тәжірибе барысында перғауын жыландарына қатысты қызықты деректермен танысып, заттардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен химиялық қасиеттерін білді. Перғауын жыландары түрінде алынған реакция – мөлшері, түсі, жану жылдамдығы бойынша өте ерекше болып шықты. Балаларға барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, үйде тәжірибе жүргізу ұсынылды. «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасының соңында қызықты химия бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды.