Кітапханалық үдерістерді автоматтандыру бөлімі – кітапхананың заманауи, жоғары технологиялық орталық ретінде қалыптасуына ықпал ететін бөлім. Бөлімнің басты міндеті – компьютерлік инфрақұрылымды тұрақты түрде жаңғырту, техникалық қолдау көрсету және кітапхана қызметіне жаңа цифрлық шешімдерді енгізу.
Негізгі қызмет бағыттары:
— Локалдық желі мен интернеттің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
— Электронды пошта жүйесі мен серверлік қызметтерді қолдау;
— Кітапхананың odb-abai.kz ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларын дамыту және техникалық қолдау көрсету;
— Электрондық қызметтер мен онлайн-каталогты жетілдіру және жүйелі түрде жаңартып отыру;
— Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және кітапханалық үдерістерді автоматтандыруды жетілдіру;
— Онлайн іс-шаралар мен бейнеконференциялар өткізуге қажетті техникалық жағдай жасау.
«KitapKeruen» газеті
2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап кітапханада «KitapKeruen» газеті шыға бастады. Қысқа уақыт ішінде басылым оқырмандар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Газет бетінде кітапхана өміріндегі маңызды жаңалықтар, қызықты оқиғалар, балаларға арналған танымдық ақпараттар, пайдалы мәліметтер, дамытушы ойындар мен тапсырмалар, оқырман пікірлері, фотосуреттер және олардың шығармашылық жұмыстары жарияланып отырады.
![]() |
Бөлім меңгерушісі Тиыштық Индира Есенгелдіқызы |
![]() |
Кітапханалық үдерістерді автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы Абишева Дильяра Асылбековна |
![]() |
Кітапханалық үдерістерді автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы Жәкен Нұржан Дулатұлы |




