Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, кітапханада қоғам үшін маңызды тақырып — сыбайлас жемқорлық және оның салдарына арналған қызықты Table talk форматындағы іс-шара өтті.
Іс-шараға сыбайлас жемқорлық тақырыбын талқылап, оның шешу жолдарын қарастыруға ынталы жасөспірімдер қатысты. Қатысушылар өзара ашық пікір алмасып, ойларымен және ұсыныстарымен бөлісті. Талқылау барысында бірнеше маңызды мәселе көтерілді: сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның күнделікті өмірде көрініс табуы, оның қоғамның болашағына ықпалы, сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлықпен күрестегі рөлі мен мүмкіндіктері.
Іс-шараға белсене қатысқан барлық қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.






