Кітап қорын толықтыру, өндеу және сақтау бөлімі

Бөлімнің негізгі қызметі – кітапхана қорын толықтыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ кітапхананың ақпараттық-іздестіру жүйесінің негізін құрайтын каталогтарды ұйымдастыру, жүргізу және редакциялау.
Кітапхана қорын толықтыру барысында мынадай негізгі критерийлер басшылыққа алынады: өзектілік, құндылық, маңыздылық.
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының кітап қоры – 141 мыңнан астам кітаптардан, мерзімді басылымдардан және CD-дискілерден құралған.
Қор құрамына:
• қазақ, орыс және өзге тілдердегі көркем әдебиет,
• балаларға арналған ғылыми-танымдық басылымдар,
• анықтамалықтар,
• энциклопедиялар,
• салалық әдебиеттер,
сондай-ақ жас оқырмандардың шығармашылық дамуына арналған түрлі басылымдар енеді.
Электронды каталог «ИРБИС» (64-нұсқа) бағдарламасы арқылы жүргізіледі.
Бүгінде ЭК көлемі 76 000-нан астам библиографиялық жазбаны қамтиды. Сонымен қатар, кітапхана жыл сайын 45-тен астам газет пен журналдарға жазылуды қамтамасыз етеді.
Бөлімде қазақ және әлем әдебиеті классиктерінің туындылары, сондай-ақ танымал балалар жазушыларының шығармалары кеңінен қамтылған. Бұл басылымдар жас оқырмандардың рухани және шығармашылық дамуына маңызды үлес қосады.
• қазақ және әлем әдебиетінің классиктерінің шығармалары
(А.Құнанбайұлы, М. Әуезов, Ж. Жабаев, Н. Носов, К. Чуковский, А. Барто, С. Маршак және т.б.),
• кең танылған балалар жазушыларының туындылары
(С. Бегалин, Б. Соқпақбаев, М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев, Ж. Смақов, Е. Елубаев, М. Қабанбай және т.б.)
• қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің авторларының шығармалары
(М.Қаназ, Т.Әбдірайым, С. Досжан, Б.Әлімжанов, Н.Ақыш, С.Керімбай, А.Елгезек, Е.Тоқтарбай және т.б.) қорда кеңінен ұсынылған.
Қордың мақтанышы – сирек кездесетін раритет кітаптар мен шағын форматтағы басылымдар, жалпы саны 700 данадан асады.
Кітапхана қорында Қазақстан және Қарағанды облысының танымал ақын-жазушыларының жеке қолтаңбалары қойылған сирек басылымдар ерекше орын алады. Атап айтқанда: Р. Сейсенбаев, Ж. Қашқынов, Н.Санжар, Е. Елубаев, Б.Әлімжанов, Т. Дубовская, В. Литвинов, А. Баркан және басқа да көптеген авторлардың шығармалары.
Қорды ұйымдастыру және оның есебін жүргізумен қатар қорды сақтау бөлімі әдебиеттерді тиімді орналастыруға байланысты үздіксіз, көп еңбек етеді. Кітаптар мен мерзімді басылымдарға жүйелі түрде жоспарлы тексерулер жүргізіледі, ескірген сұранымы аз әдебиеттер есептен шығарылып тұрады.
Бұл кітаптар – жас оқырманның әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылыққа ынталандыруға ықпал ететін құнды мәдени мұра.

Бөлім басшысы:
Байболатова Панар Баймырзақызы
Боханова Бақытжан Мұратбекқызы,
кітап қорын толықтыру, өндеу және
сақтау бөлімінің кітапханашысы
Жанғалова Гүлнар Төлеуқызы,
кітап қорын толықтыру, өндеу және
сақтау бөлімінің кітапханашысы
Кирина Людмила Васильевна,
кітап қорын толықтыру, өндеу және
сақтау бөлімінің кітапханашысы