Бүгін Франция мәдениеті апталығының салтанатты ашылуы өтті. Шараға «Қарағанды Француз Альянсы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері арнайы қатысып, апталықтың бастау алуына үлес қосты.
Бағдарлама барысында «Аврора» және модельдік агенттіктері француз стилінде сән үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ, қатысушыларға арналған көңілді интерактивті ойын ұсынылып, Франция туралы білімдерін дамытуға мүмкіндік алды.
Кітапхана фойесінде кітапхана қорындағы француз әдебиетінің үздік туындылары қойылған кітап көрмесі және Францияның тарихы мен мәдениетінде із қалдырған тұлғаларға арналған ақпараттық галерея-көрме ұйымдастырылды.
Бүгінгі шараға Шәкәрім атындағы гимназияның, Ж. Ақпаев атындағы мектептің оқушылары және кітапхана оқырмандары мен ата-аналар қатысты. Барлық келушілерге алғыс білдіреміз!
Апталық барысында Франция туралы қызықты мәліметтер мен жақсы әсер қалдыратын түрлі шаралар жалғаса береді.






