Кітапханамызда «Қауырсын қалам» атты әдеби клуб жұмыс жасайды. Клубқа жаңа мүшелерді тарту мақсатында кітапханашы Ш. Нұрланова оқырмандарға қызықты іс-шаралар мен оқиғалар, сондай-ақ Қарағанды облысының жазушылары мен ақындарымен болатын кездесулер туралы ақпаратпен бөлісті. Балалар «Қауырсын қалам» жинағымен танысып, болашақ іс-шараларға арналған жұмыс жоспарын талқылады.






