Menu Close

«Адал азамат» облыстық семинарына қатысу

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б. Уатаева №2 арнайы мектеп-интернаты ұйымдастырған «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында өткен облыстық семинарға қатысты.
«Жаңа кітапхана келбеті: идеялар мен шешімдер» тақырыбындағы баяндамасында кітапханаларды жаңғырту, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, сондай-ақ кітапхана оқырмандары үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылды.