Кітапханада «First Lego League Kazakhstan» чемпионатына арналған жоба аясында археологпен кездесу өтті. Іс-шараға «RoboAlem» робототехника клубының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары, сондай-ақ Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология бөлімінің жетекшісі Д. Жүсіпов қатысып, археология саласындағы мол білімі мен бай тәжірибесімен бөлісті. Археолог-зерттеуші Қарағанды облысындағы соңғы археологиялық олжалар мен жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы әңгімеледі.
Әңгімеге ерекше қызығушылық танытқан балалар археологиялық қазба жұмыстарында және ғылыми зерттеулерде қолданылатын заманауи робототехника үлгілері жөнінде көптеген сұрақтар қойды.




