2024 жылдың ақпан айында кітапханада «Шеге мен балға» техникалық шығармашылық үйірмесі ашылды. Үйірме 10–14 жас аралығындағы ұл балаларға арналған. Бұл – әр бала өзін жас шебер ретінде сынап көріп, қол еңбегі арқылы шығармашылық қабілетін дамыта алатын орта.
Үйірменің мақсаттары:
• баланың дамуына және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау;
• балалардың дүниетанымын кеңейту, техникалық еңбекке қызығушылық қалыптастыру;
• құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
• әртүрлі материалдармен және құралдармен жұмыс істеуді үйрету;
• қол еңбегіне қызығушылық пен еңбекқорлық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтар аптасына бір рет, жексенбі күндері өтеді.Үйірме барысында балалар қарапайым әрі қауіпсіз бұйымдар жасап, ағашпен және қол құралдарымен жұмыс істеудің негіздерін меңгереді, дәлдік, ұқыптылық және тапқырлық қасиеттерін дамытады.
«Шеге мен балға» үйірмесі – әр баланың өзін шынайы шебер ретінде сезініп, қолөнер әлеміне алғашқы қадам жасауына мүмкіндік беретін орта.