Оқу сауаттылығын, зейін мен есте сақтау қабілетті және логикалық ойлауды дамыту мақсатында оқырмандар үшін «Жылдам оқу техникасы» атты сабақ-консультация өткізілді.
Коуч-тренер Т. Конорева оқушыларды жылдам оқудың қарапайым әрі қолжетімді әдіс-тәсілдерімен таныстырып, көзді жол бойымен дұрыс жүргізуге, оқылған мәтінге қайта оралмай оқуға, сондай-ақ зейін мен есте сақтау қабілетін дамытуға үйретті. Сабақ барысында ойын түрінде оқу жылдамдығын арттыруға, зейінді шоғырландыруға және мәтінді терең түсінуге бағытталған түрлі жаттығулар орындалды.
Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді және мәтінмен жұмыстың жаңа тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолданды.



