И. Волошиннің «Изумруд қаласының сиқыршысы» фильм-ертегісін тамашалау

Кітапханамыздағы «Кітапкиномания» клубында нағыз сиқырлы кеш өтті. Оқырмандар назарына И. Волошиннің «Изумруд қаласының сиқыршысы» фильм-ертегісі ұсынылды.
Клуб мүшелері ертегінің жарқын әрі қиялға толы әлеміне еніп, бұл шығарманың әр жылдары түсірілген түрлі экранизациялары туралы қызықты мәліметтермен танысты.
Фильм көрсетілімінен кейін мазмұнды әңгіме өрбіп, балалар өз әсерлерімен бөлісті, ертегінің мән-мағынасы, берер тәрбиелік ойы мен түпнұсқа шығарма мен экрандық нұсқаның айырмашылықтары жайлы пікір алмасты. Бұл кеш балалар үшін тек ертегі әлеміне жасалған саяхат қана емес, сонымен қатар жылы қарым-қатынас пен көтеріңкі көңіл күйге толы әсерлі кездесу болды.

Scroll to Top