Жазушы Сәуле Досжанмен кездесу

Кітапхана қабырғасында рухани маңызы зор әдеби жүздесу өтті. Оқырман қауым қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қаламы қарымды жазушы Сәуле Досжанмен кездесудің сәтін бастан кешірді. Жазушы бұл кітапханаға бұрыннан таныс қадірлі қонақ.
Кездесу барысында Сәуле Досжан өзінің «Бала шақтан — болашаққа» жаңа кітабын көпшілікке ұсынып, шығарманың жазылу ерекшеліктері мен мазмұндық бағыттары туралы мәлімет берді. Әдеби кеш барысында автор мен оқырман арасында шынайы әрі мазмұнды сұхбат орнады. Балалар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, жазушының жүрекжарды жауаптарын тыңдады.
Шара соңында оқырмандарға жазушының қолтаңбасы қойылған естелік парақшалар тарту етілді.

Scroll to Top