Бүгін Абай атындағы балалар кітапханасында қарағандылық ақын, жазушы, драматург Серік Сағынтаймен мазмұнды әрі тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
«Жазушымен ашық диалог» форматында ұйымдастырылған іс-шараға мектеп оқушылары, студенттер және әдебиет сүйер қауым қатысты.
С. Сағынтай қазіргі қоғамдағы кітап оқудың маңызы жөнінде ой қозғап, өзінің шығармашылық жолы туралы әңгімеледі. Кездесу барысында оқырмандар авторға сұрақтар қойып, оның өмірлік және әдеби тәжірибесіне негізделген тағылымды кеңестер алды. Сонымен қатар қаламгер «Қазақия Сиберия» және «Қайран менің Еділім» атты жаңа кітаптарын таныстырды.
Кездесу аясында талантты жас оқырмандар С. Сағынтайдың өлеңдері мен шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, іс-шараның мазмұнын байыта түсті.
Шараның музыкалық көркін №2 Балалар музыка мектебінің дәстүрлі ән сыныбының ұстазы Қазкен Берік Манарбек Ержановтың «Сайра бұлбұл» әнін орындауымен толықтырды.





