Бүгін Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжінде мазмұнды әдеби кездесу өтті. Іс-шара барысында Лесли Ньюманның «Хачико» шығармасы талқыланып, адалдық пен шынайы махаббат тақырыбы тереңінен қозғалды. Студенттер шығарма кейіпкерінің адамгершілік құндылықтары жайлы ой бөлісіп, өз пікірлерін еркін жеткізді.







