Виртуалды экскурсия

Бүгін кітапхана қызметкерлері профессор Т.А. Әбдіразақов атындағы бизнес және басқару мектебінде көшпелі танымдық іс-шара өткізді. Кездесу барысында оқушылар кітапхана бойынша виртуалды экскурсия жасап, пайдалану ережелерімен және жұмыс кестесімен танысты.
Сонымен қатар қатысушыларға кітап қоры, кітапхананың заманауи мүмкіндіктері туралы кеңінен мәлімет беріліп, балалар мен жасөспірімдерге арналған клубтар мен үйірмелер таныстырылды. Оқушылар кітапханада тек кітап оқып қана қоймай, бос уақыттарын тиімді өткізіп, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға болатынын білді.
Іс-шара соңында оқушылардың қызығушылығын арттырған әсерлі викторина ұйымдастырылып, заманауи технологиялар арқылы оқуды қызықты әрі қолжетімді ететін интерактивті кітаптарға шолу жасалды.

Scroll to Top