Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Адал азамат» облыстық семинарына қатысу

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б. Уатаева №2 арнайы мектеп-интернаты ұйымдастырған «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында өткен облыстық семинарға қатысты. «Жаңа кітапхана келбеті: идеялар мен шешімдер» тақырыбындағы баяндамасында кітапханаларды жаңғырту, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, сондай-ақ кітапхана оқырмандары үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылды.

«Адал азамат» облыстық семинарына қатысу Read Post »

Жаңалықтар

«Қауырсын қалам» әдеби клуб

Кітапханамызда «Қауырсын қалам» атты әдеби клуб жұмыс жасайды. Клубқа жаңа мүшелерді тарту мақсатында кітапханашы Ш. Нұрланова оқырмандарға қызықты іс-шаралар мен оқиғалар, сондай-ақ Қарағанды облысының жазушылары мен ақындарымен болатын кездесулер туралы ақпаратпен бөлісті. Балалар «Қауырсын қалам» жинағымен танысып, болашақ іс-шараларға арналған жұмыс жоспарын талқылады.

«Қауырсын қалам» әдеби клуб Read Post »

Жаңалықтар

Франция мәдениеті апталығының ашылуы

Бүгін Франция мәдениеті апталығының салтанатты ашылуы өтті. Шараға «Қарағанды Француз Альянсы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері арнайы қатысып, апталықтың бастау алуына үлес қосты. Бағдарлама барысында «Аврора» және модельдік агенттіктері француз стилінде сән үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ, қатысушыларға арналған көңілді интерактивті ойын ұсынылып, Франция туралы білімдерін дамытуға мүмкіндік алды. Кітапхана фойесінде кітапхана қорындағы француз әдебиетінің үздік туындылары

Франция мәдениеті апталығының ашылуы Read Post »

Жаңалықтар

«Bon Appétit: эклер дайындау» шеберлік сағаты

Бүгін Франция мәдениеті апталығының аясында кітапханамызда нағыз тәтті мерекесі №6 ЖББ мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. «Bon Appétit: эклер дайындау» атты шеберлік сабағы оқырмандарды француз кондитерлік дәстүрінің әсемдігімен таныстырып, шығармашылық атмосфера қалыптастырды. Шеберлік сабағын Қарағанды сервис және тамақтану колледжінің 3 курс студенті Әлия Марахим өткізді. Ол қатысушыларға эклер әзірлеудің технологиясын кезең-кезеңімен түсіндіріп, кәсіби құпияларымен

«Bon Appétit: эклер дайындау» шеберлік сағаты Read Post »

Жаңалықтар

«Под парусом фантазии: Жюль Верн приглашает» квест

Бүгін кітапханада «Под парусом фантазии: Жюль Верн приглашает» атты қызықты квест өтті. Іс-шара Франция мәдениеті апталығы аясында ұйымдастырылды. Квестті «Қарағанды Француз Альянсы» ұйымының өкілдері – Екатерина Фирсова мен Поль Мюра жүргізді. Шараға №30 мектептің оқушылары қатысты. Балалар әртүрлі станциялар бойынша саяхат жасап, жұмбақтарды шешіп, сан алуан тапсырмаларды орындады. Бұл квест қатысушыларға жарқын эмоциялар сыйлап қана

«Под парусом фантазии: Жюль Верн приглашает» квест Read Post »

Scroll to Top