Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Волшебные миры Платона» ертегілер топтамасының таныстырылымы

Кітапханада 12 жасар жас автор Платон Нечаевтың «Платонның сиқырлы әлемдері» атты ертегілер топтамасының таныстырылымы өтті. Ерте жастан экология, климат және тұрақты даму мәселелеріне қызығушылық танытқан Платонның шығармашылығы осы маңызды тақырыптарды көркем тілмен жеткізеді. 2024 жылы әдеби жолын бастаған Платонның туындылары қысқа уақытта халықаралық назарға ілікті. Оның ертегілері Сауд Арабиясындағы ЮНЕСКО конференциясында және жазғы Олимпиада ойындары […]

«Волшебные миры Платона» ертегілер топтамасының таныстырылымы Read Post »

Жаңалықтар

Жылдам оқу техникасы

Оқу сауаттылығын, зейін мен есте сақтау қабілетті және логикалық ойлауды дамыту мақсатында оқырмандар үшін «Жылдам оқу техникасы» атты сабақ-консультация өткізілді. Коуч-тренер Т. Конорева оқушыларды жылдам оқудың қарапайым әрі қолжетімді әдіс-тәсілдерімен таныстырып, көзді жол бойымен дұрыс жүргізуге, оқылған мәтінге қайта оралмай оқуға, сондай-ақ зейін мен есте сақтау қабілетін дамытуға үйретті. Сабақ барысында ойын түрінде оқу жылдамдығын

Жылдам оқу техникасы Read Post »

Жаңалықтар

Сурдоаудармамен дауыстап оқу.

Кітапханада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға және өсіп келе жатқан ұрпақтың оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Аяла» және «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» әлеуметтік маңызы бар жобалары аясында инклюзивті дауыстап оқу іс-шарасы өтті. Іс-шара кәсіби сурдоаудармашының қатысуымен ұйымдастырылып, есту қабілеті бұзылған балаларға көркем шығармаларды тең дәрежеде қабылдауға мүмкіндік берді. Мұндай формат әр баланың ерекшелігіне қарамастан,

Сурдоаудармамен дауыстап оқу. Read Post »

Жаңалықтар

Танымдық библиотур

Бүгін кітапханамызда Ю.Н. Павлов атындағы ЖББМ КММ-нің 6-сынып оқушыларына арналған танымдық библиотур өтті. Балалар кітапханамызбен танысып, «Шекарасыз кітапхана» білім әлеміне саяхат жасады. Сондай-ақ IRBIS бағдарламасы арқылы электронды каталогпен жұмыс жасау жолдары көрсетілді. Балалар қысқы көрме-инсталляцияны тамашалап, ерекше қызығушылық танытты.

Танымдық библиотур Read Post »

Жаңалықтар

Д.Исабековтің «Дермене» кітабын талқылау

Бүгін «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында озық ойлы оқушылармен кездесу өтті. №23 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мақпал Қосмырзақызы 9-сынып оқушыларымен Дулат Исабековтың «Дермене» шығармасына тамаша дайындықпен келіпті. Оқушылар кітапхана қызметкері Алтынай Қожабекқызымен бірге шығарманың шырғалаң тұстарына жеке-жеке тоқталып, әр эпизодтың түйінін тарқатуға тырысты. Мәселен, бойында қуаты

Д.Исабековтің «Дермене» кітабын талқылау Read Post »

Scroll to Top