85 жас

Қастек Баянбаев (1936-2021)  Талдықорған облысы Андреев ауданы Талдыбұлақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң колхозда жұмыс істеді.
1960 жылы ол Алакөл аудандық газетінің әдеби қызметкері болды. Кейіннен ол ауданаралық және облыстық газеттердің редакциясында жұмыс істеді. 1971-1976 жылдары «Жазушы» баспасында балалар әдебиеті редакциясын басқарды.
Қ. Баянбаев 1972 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.
Алпысыншы жылдардың басынан бастап әдеби қызметпен айналысады. Алғашқы өлеңдері «Пионер» журналының, «Қазақстан пионері» және «Лениншіл жас» газеттерінің беттерінде жарияланды.
1962 жылы оның балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы «Сәйгүлік» жарық көрді. Кейінгі жылдары «Солақай қарт» (1964), «Балаларға сыйлық» (1966), «Адамға хат» (1966), «Қайырлы күн» (1969), «Ильич және аңшы» (1970), «Ақ қанатты шағалалар» (1973), «Шатыр астындағы батырлар» (1974), «Ғажайып әлем» (1976), «Ұшқын» (1977), «Құс сүті» (1978) өлеңдер жинақтары жарыққа шықты.
Қ. Баянбаев балалар ақындары С. Даниловтың, 3. Александрованың, И. Токмакованың шығармаларын, А. Бартоның, С. Михалковтың, А. Исаакянның және басқалардың бірқатар өлеңдерін қазақ тіліне аударып, жеке кітап қылып шығарды.
Қ. Баянбаевтың өлеңдері бастауыш сыныптардың оқу жоспарына енгізілген.
Қастек Баянбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қастек Баянбаевтың Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары: