95 жас

Әдібай Табылдиев (1926) белгілі ақын, балалар жазушысы, драматург, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері болды (2001).
Балаларға арнап отыздан астам кітап жазған. 1959 жылы шыққан «Бөбекке сөз» жинағы, 2000 жылы жарық көрген «Қайырлы таң, балалар» атты жинағы. Сатира жанрында да қалам тартып «Қой бағу оңай ма?», «Мен кіммін, білесің бе?» деген жинақтар шығарды. «Алыптардың алыбы», «Бәрекелді, Кірпі», «Ғажайып бақ» ертегі пьесалары республикалық қуыршақ театрында қойылды.
1970-ші жылдары балаларға арналған дәстүрлі «Жыл – он екі ай» күнпарағының құрастырушысы болған.
Оншақты қойылымдары республиканың теледидар, радио, қорларында сақталып, әр кезде теледидардан, радиохабардан беріліп тұрады.
Ақын, жазушы, ғалым Ә. Табылдиев балаларды тәрбиелеу ісіне арнаған өлең әңгімелері мектеп оқулықтарына молынан енген, ұлағатты ұстаздың «Әдеп эліппесі» (1997 ж, 2006 ж, 2008 ж.) атты оку кұралы республиканың барлық қазақ мектептерінде жеке пән ретінде, тәрбие құралы ретінде кеңінен пайдаланылды. Тәр¬бие ісіне арналған скечтері мен қойылымдарын мектеп оқушылары қызыға пайдаланып жүр. Балабақшаларда ақынның өлеңдері мен ертегілерін үзбей пайдаланып келеді.

Әдібай Табылдиевтың Абай атындағы балалар кітапханасы қорындағы шығармалары: