Жаңаарқа ауданы
Қарағанды облысы білім басқармасының Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «№132 тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:
«Менің елімнің тарихындағы
Жаңаарқа кентінің тарихы»

Автор Әбікен Ділназ Жақсыгелдіқызы, 8-сынып
Жетекшісі Тулеутаева Кызыкты Серикбаевна

Қарағанды – 2021 жыл

 

Аңдатпа

Зерттеу нысаны: Жаңаарқа өлкесі
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер әр баланың бойына өз туған жерінің тарихын ғана емес, сондай-ақ оның бүгінгі өзгерістері мен жетістіктері туралы жан-жақты мәліметтерді сіңірсек, онда оның туған жерге деген құрметі арта түсер еді.
Зерттеудің өзектілігі: Биыл Тәуелсіздік туының желбірегеніне 30 жыл. Тәуелсіздік – ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Осы 30 жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Талай қамалдарды алып, талай биік белестерді бағындырды. Әлем картасының бетін ашқанда, тоғызыншы орынды алып жатқан кең байтақ Қазақстанымыздың күн санап жетіліп, озық 50 елдің қатарына кіруіне менің өлкемнің де қосқан үлесі бар деп ойлаймын.
Осы ғылыми жобамда туған жерім Жаңаарқа кентінің 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріне, игілікті істеріне тоқталамын.
Жобаның мақсаты: Жаңаарқа жерінің соңғы 30 жылда қол жеткізген жетістіктерін зерттеп-зерделеу.
Міндеттері:
1. Аудан тарихына шолу жасау;
2. Ауданның кәсіпкерлік, білім, денсаулық саласы бойынша жұмыс істеп тұрған ірі объектілерін көрсету;
3. Бой түзеген сәулетті ғимараттарға сипаттама беру.
Әдісі: аудандық мұрағат деректерімен жұмыс
Жұмыс қорытындысы:
Тәуелсіздіктен кейінгі Жаңаарқа өңірінің қайта түлеп, жандана, құлпыра түсуі, бәрі де – тың ізденістердің арқасында жүзеге асты. Оған гүлденіп жатқан ауданымыздағы орын алып жатқан оң өзгерістер көз жеткізе түседі.

І. Кіріспе

Биыл Тәуелсіздік туының желбірегеніне 30 жыл. Тәуелсіздік – ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Осы 30 жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Талай қамалдарды алып, талай биік белестерді бағындырды. Әлем картасының бетін ашқанда, тоғызыншы орынды алып жатқан кең байтақ Қазақстанымыздың күн санап жетіліп, озық 50 елдің қатарына кіруіне менің өлкемнің де қосқан үлесі бар деп ойлаймын.
Сондықтан да мен осы ғылыми жобамның зерттеу нысаны етіп Жаңаарқа өлкесін алып, Жаңаарқа жерінің соңғы 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерін зерттеп-зерделеуді мақсат еттім. Осы мақсатқа жетер жолда төмендегі міндеттерді белгілеп алдым: аудан тарихына тоқталу; кәсіпкерлік, білім, денсаулық саласы бойынша жұмыс істеп түрған ірі объектілерге тоқталу, бой түзеген сәулетті ғимараттарға сипаттама беру. Ғылыми жоба жазу барысында тарихи әдіс қолданылды. Соның нәтижесінде аудан тарихына шолу жасалды; Жаңаарқа жеріндегі ірі объектілер жеке-жеке қарастырылды; сәулетті ғимараттарға сипаттама берілді. Нәтижелерді сыныптан тыс іс-шараларда, өлкетану сабақтарында қолдануға болады. Меніңше, егер әр баланың бойына өз туған жерінің тарихын ғана емес, сондай-ақ оның бүгінгі өзгерістері мен жетістіктері туралы жан-жақты мәліметтерді сіңірсек, онда оның туған жерге деген махаббатты арта түсер еді.
Ғылыми жобамның соңында мынандай қорытындыға келдім: Тәуелсіздіктен кейінгі Жаңаарқа өңірінің қайта түлеп, жандана, құлпыра түсуі, бәрі де – тың ізденістердің арқасында жүзеге асты. Оған гүлденіп жатқан ауданымыздағы орын алып жатқан оң өзгерістер көз жеткізе түседі.

ІІ. Зерттеу бөлімі. Аудан тарихы

Сарыарқаның сауыр төсіндегі Жаңаарқа жерінің айтар тарихы да, жұртшылыққа беймәлім, әлі де ашылмаған жұмбақ сырлары да аз емес
[1-сурет].
1923 жылы бұрынғы болыстар қосылып, аудан аталғанда, сайлау өткізуге келген Балаубаев Сәлкен ауданның атын «Асанқайғы» деп қойған.
1929 жылдың 16 тамыздан бастап аты әйгілі жерлесіміз, дауылпаз ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің тікелей ықпал етуінің нәтижесінде аудан атауы Жаңаарқа ауданы болып өзгертілді.
Өзінің бір ғасырға жуық тарихында ауданымыз дамудың бірнеше сатысынан өтті. Аудан болып құрылған алғашқы жылдары тұтас қазақ халқының басына түскен нәубеттерді басынан өткерген Жаңаарқа халқы еш жасымастан елімідіздің дамуына үлесін қоса білді.
Ұлы Отан соғысына 3189 ер-азаматы аттанып, 1157 боздағы жер құшқан. Кеңес Одағының Батыры атағын алған жерлесіміз Амантай Дәулебековтың есімі Жаңаарқа халқының өшпес ерлігін дәлелдей түседі.
Соғыстан кейінгі жылдары елдің әлеуметтік жағдайы артып, шаруашылық үлкен қарқынмен дами бастады. Осы уақыттағы ерен еңбектері үшін Оспан Әлібаев, Ыдырыс Жұмабеков, Сатан Ысқақов, Шалғынбай Ынтықбаев тәрізді еңбек азаматтарына Социалистік Еңбек Ері атақтары беріліп, олар Ленин ордендермен марапатталды.
Абыройлы Жаңаарқа атырабының алтын жібектей өріліп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өміршең салт – санасы, дәстүр сабақтастығы, ұрпақ жалғастығы арқылы ғасырдан ғасырға өтіп келе жатқан өзіндік келбеті еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жарқырап көрінді.
2019 жылғы санақ бойынша, Жаңаарқа ауданында 34 462 адам тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар (92,93%), орыстар (4,93%), украиндар (0,48%), татарлар (0,46%), немістер (0,26%), беларустар (0,19%), басқа ұлт өкілдері (0,95%). Олар барлық жиыны 2 кенттік, 12 ауылдық округтерге қоныстанған [1].
Кәсіпкерлік, білім, денсаулық саласы бойынша ірі объектілер
Аудан жер көлемі 5088 гектардан астам жерді алып жатыр. Осының 88,3 гектары – егістік, 20,6 гектары – шабындық, 3633,4 гектары – жайылымдық жерлер [2].
Жаңаарқа облыстағы агроөнеркәсіптік кешені дамыған аудандардың алдыңғы қатарында есептеледі. Ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде
569 фермерлік, шаруа-қожалық шаруашылық. Қазіргі таңда ауданымызда
1208 кәсіпкерлік субьектілері жұмыс істеп тұр.
2021 жылдың жазында Жаңаарқа жерінде жергілікті азаматымыз Тусупбеков Сержан қарбыз өсіріп, аудан мәртебесін тағы бір рет асқақтатып тастады. Қымыз Жаңаарқа халқының брендіне айналып кеткені баршамызға аян. Енді дәмі тіл үйіретін қарбызымызбен де мақтана аламыз.
Кәсіпкерлік сала бойынша: 250 дүкен, 10 монша, 7 шаштараз,
20 байланыс және көлік қызметі, 9 жанар-жағар май құю бекеті,
3 ветеринарлы қызмет көрсету, 13 қоғамдық тамақтандыру нысандары бар.
Білім саласы бойынша: 5 мектеп және Ғалым Жарылғапов атындағы
№ 12 кәсіптік лицейі білім беруде. Сонымен қатар 6 балабақша бар. Оларды атап айтсам, «Ер Төстік», «Балдырған», «Қарлығаш», «Ақерке», «Балауса», «Дәрия». Қазіргі таңда 2 кітапхана өз қызметтерін көрсетуде.
2005 жылы аудан әкімдігінің қаулысы бойынша «Қарлығаш»
[8-сурет ] және 2007 жылы 21 наурызда «Балдырған» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілсе [9-сурет ], 2012 жылдың 19 қазанында «ҚазТрансОйл»-дың қамқорлығымен қазіргі заманның талабына сай
170 орындық «Ақерке» бөбек-жайы ашылып, жоғары деңгейде жұмыс істеп жатыр [10-сурет].
«Балауса» және «Дәрия» деп аталатын екі жаңа балабақша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша ашылған.
«Балауса» балабақшасының ерекшелігі – кешкілік уақытта қызмет көрсетеді, сонымен қатар, демалыс және мереке күндері жұмыс істейді. Балабақша қызметкерлері баланы үйге алып кете алады. Мектепке дейінгі мекеме
100 орынға есептелген. Аталған мекеменің ашылуы 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. «Жобаның құнын құраған 30 миллион теңгенің
5 миллионы – өз қаражатым, ал, қалған соманы «Даму» Қорынан несиеге алдым», – дейді «Балауса» балабақшасының құрылтайшысы Бағдат Бекежанова. 60 орынға есептелген екінші жаңа балабақшаның құны
30 миллион теңге. Бұл – құрылтайшы Әсем Орманалиеваның өз қаражаты.
«Балаларды дамыту – ел дамуының маңызды шарттарының бірі. Жарқын болашақтың кепілі жас жеткіншектерді мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мақсатында «Дәрия» балабақшасы өмірге келді», – деді Әсем Орманалиева жаңа нысанның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Қазіргі таңда ауданымызда тағы бір мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салынып жатқан бұл мектептің кілті аудан тұрғындарына желтоқсан айында тапсырылады деп жоспарлануда.
Денсаулық саласы бойынша: 1 аурухана, 1 емхана және 2 дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетуде. «Поликом» телеқондырғысы арқылы жыл бойы аудан тұрғындары кеңес арқылы емдеу шаралары жүргізіледі.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Жаңаарқа жері де сан өзгерістерге рухани да, материалды да қарсы тұра біліп, жаңалықтарды дұрыс қабылдап нарыққа бейімделе бастады. 1996-1997 жылдары 200-ден астам штаттық бірлік қысқарып, көптеген мәдениет үйлері, балабақшалар, тағы басқа сол сияқты әлеуметтік нысандар жабылып, ғимараттар үлеске беріліп немесе сатылып кетті. Алайда жергілікті халық нарық ауыртпалықтарына тез бейімделіп, ерен еңбек етуінің нәтижесінде тиімді меншік иелері қалыптасып, өнеркәсіптің дамуына жол ашылып, аудан экономикасының тұрақты дамуы қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, «Сәкен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды [2-сурет ]. Атасу кентінің 11 көшесінде бұрын істен шығып қалған құбырлар жаңартылып, аудан халқы тұрақты түрде сапалы, таза ауыз су пайдалануына мүмкіндік туды. 2005 жылдың басында ұялы телефонды байланыс қызметі іске қосылды.
Қазіргі таңда шағын және орта кә¬сіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар саны арта түсуде. 2005 жылы «Ерсаян» шаштаразы өз жұмысын бастады. Қазіргі кезде 10 жұмыскері бар [3-сурет ]. Бүгінгі таңда халық үшін қызмет етіп, олардың көңілдерінен шығып келеді. «Керемет» сауда орталығы 2005 жылдың 4 желтоқсанында И.Адамовтың басқаруымен әсем сауда орталығы бой көтеріп, халық таңдауынан ойдағыдай шығып келеді [4-сурет]. «Жібек жолы» сауда орталығы
2006 жылы ашылды. Иесі – кәсіпкер А.Сұлтанова [5-сурет]. «Әлия» супермаркеті 2009 жылдың 13 қыркүйегінде ашылды. Иесі – Д.Майбасова. Сауда орталығында 7 бөлім, 25 жұмыскер қызмет етеді [6-сурет]. «Аяжан» сауда ғимараты жергілікті кәсіпкердің көп жыл аянбай еткен еңбектері нәтижесінде бой көтерген [7-сурет].
Тұрғын үймен қамтамасыз ету саласы бойынша да игілікті істер атқарылуда. 2021 жылдың 29 қазанының өзінде Жаңаарқа кентіндегі «Жаңа Нұр» шағын ауданындағы жаңа үйлердің кілті жиырма көп балалы отбасына табыс етілді. Бұл күн 10 жылдан астам үй кезегінде тұрған адамдар үшін ең бақытты күндердің бірі болдық десек болады. Жаңаарқа ауданында тұрғын үй кезегінде барлығы 840 адам тұр. Оның 133-і «Көп балалы отбасылар» санатына жатады. Жыл соңына дейін ауданда тағы 12 отбасы қоныс тойын тойлайды деп жоспарланып отыр.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен. Сол бағдарламаға орай салаутты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Спорт кешені», «Модуль спорттық кешендері» өз жұмысын бастап, аудан жастарын спортқа баулиды.

Тәуелсіздіктің жемісі – сәулетті ғимараттар мен ескерткіштер

2007 жылы Теміржолы паркі қайта жөндеуден өткізіліп, сәулеттендіріліп, «Тәуелсіздік саябағы» атауына ие болып, демалыс саябағына айналды [11-сурет].
2008-2009 жылдары аудан көлемді игі істер жүзеге асырылды. Ескі мәдениет үйі қайта жабдықтаудан өтіп, қасбеті иран шынысымен қапталып, архитектуралық келбетті ғимаратқа айналды [12-сурет]. Д.Ізтөлеуовтің бастамасымен 1984 жылы С.Сейфуллин атындағы тарих-өлкетану мұражайы ашылған [13-сурет ]. 2010 жылы музей «Жол картасы» бойынша қайта жабдықтаудан өтіп, қасбеті иран шынысымен қапталып, әсем ғимаратқа айналды. Көшелер түнгі шамшырақтармен, жарық шашатын аркалармен, билбардтармен, лайбокстармен безендірілді.
Атасу кенті жылдан-жылға бой түзеп, жаңарып келеді. Соңғы жылдарда көшелеріне көрік, тұрғындарына эстетикалық әсер берер ескерткіштер қатары артып келеді.
Жаңаарқа ауданынның символын бекіткенде негізге тұлпар бейнесі алынды. Ол жай ғана тұлпар емес, ол – қанатты тұлпар. Өйткені ол біздің асқақ арманымызды, еркіндікті, қоршаған ортамен біте қайнасқан қасиетіміз бен көзқарасымызды білдіреді.
«Қанатты тұлпар» стелласы ауданымыздың орталығы Атасу кентіне кіреберіс қақпадағы айналма жол ішіне қойылып, жол айрығының төрт жағынан да еркін әрі 4-5 шақырым жерден көрінетін болып орнатылған. Стелла үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі оның негізгі, үш қатар саты ретінде керамикамен шетінен қапталып, жағалай жарық шамдар орнатылып безендірілген, оның сыртына шеңбер бойына төсемтас төселіп биік шамдар қойылған. Екінші бөлігі стелланың өзегі, ол үш қырлы төменгі жағында қызғылт түс негізінде алтын әріптермен «Атасу» деген үш жағынан көрінетін жазу белгіленген. Үшінші бөлігі стелланың ұшар басында жер шарының үстіндегі қанатты тұлпар бейнесі, ол алтын түстес түспен көмкерілген. Стелланың жалпы ұзындығы – 25 метр [14-сурет].
2010 жылдың 13 шілдесінде гүлденген ауданымыздың көркіне көрік қосқан «Қанатты барыс» символы қойылды. Бұл ескерткіштің композициялық шешімі – еліміздің жер шарын мекендеген әлем елдерін өз назарларына қаратып келе жатқан бүгінгі қадамын көрсетеді [15-сурет].
«Алтын сақа» жастар алаңы да және мәдени-сауық үйінің алаңындағы [16-сурет ] «Еліктер» композициялық мүсіндері де ерекше, өз алдарына бір-бір төбе [17-сурет ].
«Мәңгілік ел» аллеясы жалпы алаңы 4000 ш.м. Идея авторы – аудан әкімі Ғабдрахман Омаров.
Аллея төрінде – киелі шаңырақ пен тайқазан. Шаңырақ татулық пен бірліктің нышаны болса, тайқазан – еңселі елде еншісі бөлінбей ғұмыр кешкен ұлттар мен ұлыстардың ортақ нәсібі. Идеяның иірімі – осы түйінде. Мәңгіліктің төте жолы татулық пен бірлікте, тыныштық пен тоқшылықта екенін меңзеп тұр.
Атасу кентінде Аралбай батырға еңселі ескерткіш қойылды
[18-сурет]. Тұлпар мініп, ту ұстаған батырдың мүсінін павлодарлық шебер Марат Әбілқасымов сомдаған. Осыдан бес жыл бұрын батыр¬дың өнегелі де ұйымшыл ұрпақтары Аралбай бабаның 325 жылдығын лайықты түрде атап өтіп, ас берген еді. Сол жылы аудан орталығынан оның атына көше де бұйырған болатын. Ендігі кезек ескерткішке келіп, сол көшенің басына батырдың ат үстінде тұрған айбарлы ескерткіші орын тепті. Аралбай батыр ескерткішінің ашылу салтанатында айтыскер ақын Аманжол Әлтаев ескі тарихтан қал¬ған естеліктерді тірі¬л¬тіп, елін-жерін қор¬ғаған ердің өмір¬тари¬хына жан-жақ¬ты шолу жаса¬ды. Бұ¬дан кейін еңбек арда¬гері Хамзе Сәт¬жанов, жазу¬-шы Ал¬дан Смайыл, ақын Серік Ақсұңқарұлы және аудан әкімі Ғабдрах¬ман Омаров ес¬керт¬кіш¬тің жамыл¬ғысын сыпырып, ашылу рәсімінің ырымын орындады. Сонымен қатар, ескерткіш¬тің ашылу салтанатында ауыл ақсақалы Молдазайым Хишауов бата берсе, жергілікті ақын Өміржан Көп¬босынов жырдан шашу шашты. Сөз сөйлеуші¬лер тағылымды шара¬ның ұрпақ тәр-биесінде алатын орны зор екен¬дігіне тоқталып, ескерткішті орнатуға атсалысқан азаматтарға алғыстарын білдірді. Айта кетерлігі, ескерткішке жұм-салған 11 миллион теңге қар¬жы¬ны батырдың ұрпақтары өз ортବлары¬нан шығарған екен. Тәрбиелік, тағылымдық мәні зор бұл шара Қазақстан Рес¬пуб-ликасы Тәуелсіздігінің 25 жыл¬дығына ар¬нал¬ды. Расында да, Аралбай ба¬тыр-дың ел шетін ата жаудан қор¬ғап, қазақтың жерін а¬ман сақтап, бү¬гін¬гі ұрпаққа аманаттап кеткен ер¬лер¬дің қатарынан екендігі ата тарихтан мәлім.
Сондай-ақ ауданымыз тағы бір жаңа ескерткішпен толықты. Өлкеде алтын құрсақты асыл аналарға арналып айрықша мүсін ашылды
[19-сурет]. Биіктігі екі метрге жуықтайтын мүсін бетоннан құйылып, темірмен өріліпті. Жобаның авторы – Қуантай Мекебаев.
Халық игілігіне – жаңа нысан аудан халқының игілігіне сапаржайды [20-сурет] тарту етіп отырған ауданымыздың тұрғындары, жеке кәсіппен айналысатын анасы мен баласы – Тоғжан Ускембаева мен Мердан Атамұрат. Кәсіпкерлер 80 млн. теңгені құрайтын өз қаражаттарына иелігіндегі нысанға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, жерлестерін аса қажетті, жайлы орынмен қамтамасыз етіп отыр. 100 адамға шақталған көлік күту орынында барлық жағдай жасалған. Мұнда касса, 50 орындық дәмхана, жүк сақтайтын жер, 3 сауда-саттық орыны және дәріхана да бар. Сондай-ақ, сапаржайда
арнайы «ана мен бала бөлмесі» де қарастырылған.

Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің
125 жылдығы

2019 жылдың 14 қыркүйегінде Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ауданның 90 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығын атап өтті. Ауқымды мерекеге Қазақстанның барлық өңірлерінен 12000 аса адам қатысты. Жергілікті қымыз өндірушілер «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлестерін қосты. Жаңаарқа ауданының 12 ауылы мен екі кентінен жиналған 1000 адам бір мезетте 10000 литр қымызды күбіге құйып пісіп, әлемдік рекорд орнатты [21-сурет]. Сарапшылар сусын көлемін, қатысушылар және күбі санын тіркеді. Бұл рекордты жазу үшін арнайы Кубадан Гиннес рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас ұшып келді. Ауданның 12 ауылы мен екі кентінен жиналған 10 мың литр қымыз 1000 күбіге құйылып, жаңаарқалық жас ақын, сазгер Өміржан Көпбосынов осы тойға арнап жазған “Жаңаарқаның бал қымызы” әнінің ырғағымен ұлттық үлгіде киінген 1000 қыз-келіншек қатар тұрып, күбі толы қымызды күрпілдете пісті. Оны халықаралық сарапшылар қадағалап тұрды. Әлемдік рекордты әйгілегендей, төңірекке қымыздың қышқыл дәмінің керемет иісі тарады. «Мен іс-шараның басы-қасында болу үшін Кубадан арнайы келдім. Дайындалған сусынның көлемі, акцияға қатысушылар мен пайдаланылған ыдыстың саны ескеріледі. Біз бәрін тексердік, өлшедік. Рекорд-тың түрі көп, бірақ, мынандай көрініс бірінші рет. Қорытындысы бір ай көлемінде біздің сайтта жарияланады»,- деді, Гиннестің Рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас. Гиннестің Рекордтар кітабының Қазақстандағы өкілі Бақытжан Тастүлековтің айтуына қарағанда, мұндай сипаттағы рекордты қайталау қиын. “Қазір өте сирек кездесетін күбі сияқты 1000 ұлттық ыдысты бірден көргенде, еріксіз таң-тамаша болдым»,-дейді ол. Сол күні аудан басшылығына рекорд жасалғанын куәландыратын сертификат тапсырылды [22-сурет]. Керемет көрсетілімнен кейін Жаңаарқаның торы тобылғысына ысталған күбіден қотарылған жанды жадыратар бал қымызы мен бауырсақ тегін таратылды.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендері бойына келіп, Қазақ хандығын тұрғызғанына, міне бес жүз жылдан асты. Бұл – қазақ тарихындағы жаңа беттің ашылып, қазақ ұлтының қалыптасуы еді. Ел болып қалыптасқалы түбегейлі өзгерістерге ұшырап, елеулі оқиғаларға толы болды. Хандық күшейген сайын халық саны да артып, жер көлемі де ұлғайды. Сол жердің бір бөлшегі – қасиетті Жаңаарқа жері.
Тәуелсіздіктен кейінгі Жаңаарқа өңірінің қайта түлеп, жандана, құлпыра түсуі, бәрі де – тың ізденістердің арқасында жүзеге асты. Оған гүлденіп жатқан ауданымыздағы орын алып жатқан оң өзгерістер көз жеткізе түседі. Жаңаарқа тарихы сан ұрпақты қызықтыратын сүбелі тақырып болғандықтан, тың зерттеу болады деп сенім білдіремін.
Осы ғылыми жобамды жазу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткіздім: аудан тарихына шолу жасалып, ауданның кәсіпкерлік, білім, денсаулық саласы бойынша жұмыс істеп түрған ірі объектілерін көрсетіліп, бой түзеген сәулетті ғимараттарға сипаттама келтірілді. Қазіргі күні қолға алынып, жүргізіліп жатқан игі істерге шолу жасалды.
Менің бұл зерттеу жұмысым тарихи деректер мен зерттеулер жиынтығы бойынша ғана жазылса, келесі жылы қариялардың айтуы бойынша ізденістерімді жалғастырамын.
«Келешек кілті – жастарда» дейді халық. Еліміздің бақыты үшін жастардың білімді де іскер болып өсуі – шарт. Сондықтан да мемлекетімізде біздің білім алуымыз бен салауатты өмір сүруімізге бар жағдай жасалуда. Осы қамқорлық менің туған жеріме, оның халқына деген мақтаныш сезімімді еселейді. Себебі мен елімді сүйемін. Туған жерге деген махаббаттан Отанға деген ұлттық намыс қалыптасатынына нық сенемін.
Мен елімнің болашағына, нұрлы келешегіне сенемін! Ол үшін ұлан байтақ Отанымның гүлденуіне үлес қосуға әрқашан да дайынмын!
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінінен ертеңі нұрлы. Жаса, жайна, Жаңаарқа! Жаңаарқалықтардың тарихы өзіңмен етене.