ҒАБИДЕН МҰСТАФИННІҢ
«ҚАРАҒАНДЫ» РОМАНЫНА 70 ЖЫЛ

 

 

 

 

 

Ғабиден Мұстафин (1902 – 1985) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.
Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927) «Жыл құсы» журналында жарияланады. Тұңғыш әңгімелер жинағы «Ер Шойын» (1929) деген атпен басылып шықты.
«Қарағанды» романы 1952 жылы жарық көрген. Ғ. Мұстафиннің шығармасында бейнеленген оқиғалар отызыншы жылдарға жатады. Жазушының бұл кезеңге үндеуі кездейсоқ емес, соғысқа дейінгі бесжылдықтар – отызыншы жылдар – Қарағандының дамуындағы ең маңызды тарихи кезең болды.
Автордың өзінің балалық, жастық шағы сол ортада, Қарағанды жұмысшыларының ішінде өтті. Не білімі, не өндірістік мамандығы жоқ жас жұмысшы Ғабиден өз әріптестерімен бірге үлкен өмір көрді.
Романның бас кейіпкерлері – Мейрам – партия басшысы, Шербаков – шахтер, трест бастығы, Ермек, Жанәбіл, Жұманияз, Ардақ, оның әкесі -Әлібек – қазақ жұмысшылары.
Абай атындағы балалар кітапханасының қорында романның ең алғашқы басылымы сақталуда. Ол 1953 жылы Москва қаласында «Советский писатель» баспасынан шыққан кітап.
Шығарманы орыс тіліне прозаик, аудармашы және әдеби сыншы Кузьма Горбунов аударған.

Мұстафин, Ғабиден. Таңдамалы шығармалар [Мәтін] : екі томдық. Т.2. Қарағанды / Ғ. Мұстафин. – Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1955. – 412 б.