МАШҚАР ГУМЕРОВ – 95 ЖАС

Гумеров Машқар Базретдинұлы (1927-2002) – қазақ-башқұрт қаламгері, балалар жазушысы.
М. Гумеров Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде ауыл молдасының отбасында туған, 1937 жылы үй-ішімен Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен, шығармаларын тек қазақ тілінде жазады.
«Ұя» атты алғашқы әңгімесі 1952 жылы «Пионер» журналында жарық көрді. Содан бері жазушының ондаған прозалық кітаптары шыққан.
М.Гумеров әдеби қызметі жылдарында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған көптеген суретті кітаптар жазды. Олардың ішінде: «Бірінші рет ұшу», «Жаңа шелек», «Орман емшісі», «Аю мен бүркіт», «Үш күн, үш түн», «Қос шынар», «Жоғалған кілт», «Әкемнің әкесі», «Сұр көжек», «Көлеңке», «Өзұшар» т.б.
1990 жылы «Жалын» баспасында жарық көрген «Ортаншы ұл» атты повестер жинағы Қазақстан Жазушылар одағының С.Мұқанов атындағы сыйлығын алды. В.Губаревтің «Павлик Морозов» повесін, қазақстандық орыс жазушысы М.Зверевтің шығармаларын, болгар жазушысы Роза Хафизованың «Қурайбаланың басынан кешкендері» атты ертегі-повесін, башқұрт жазушысы А.Хакимовтің повестерден қүралған екі кітабын және басқа да шығармаларды қазақ тіліне аударды. Бірнеше повестері мен әңгімелері орыс тілінде шыққан.

Абай атындағы балалар кітапханасының қорындағы М. Гумеровтың шығармалары: