Сужикова, А. У. Мәңгілік тұлға- ұлы Абай / А. У. Сужикова, М. С. Қайрамбаева. - Алматы : Алматыкітап, 2020. - 295 б.
Ұсынылып отырған көлемді еңбек – жастарға және көпшілік қауымға арналған энциклопедиялық басылым. Басылымның негізгі мақсаты – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлын бүгінгі ұрпаққа жаңа қырларынан жарқырата көрсету, соны қасиеттерін ұрпағымызға таныту, хакімнің өсиетіне адал, инабатты, еңбексүйгіш, бауырмал болуға тәрбиелеу.
Ақын өмірінің әр қырын жан-жақты көрсету мақсатында кітаптағы материалдар төмендегі тақырыптар бойынша жинақталды: Абайдың өмірі және отбасы; Абайдың орыс достары; Абайдың ел билеу ісіне араласуы; Абайдың шығармашылығы, аудармалары; Жидебай-Бөрілі — ұлылар жатқан қасиетті жер; Алматы қаласындағы ұлы ақын есімі берілген орындар; Абайдың ақын шәкірттері; Абайдың әң-күй мұрасы; Абайдың айналасындағы өнерпаздар; Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының Жидебайдағы музей-үйі; Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі; Абай – сегіз қырлы, бір сырлы жан; Абай дәуіріндегі Семей.; Ұлылардың ізі қалған қара шаңырақ; Абайдың болашақ ұрпағына қалдырған өсиетті. Сонымен бірге басылымда тың қосымша деректер, ақын өмірі баяндалған әдеби шығармалардан үзінділер келтірілген.

Мырзахметұлы, Мекемтас. Абайтану/ Мекемтас Мырзахметұлы. - Алматы: Қазығұрт, 2020.
Т.1: Абайтану тарихы [Мәтін] . - 2020. - 488 б.

Белгілі абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы дайындаған «Абайтану» сериясының алғашқы томында ұлы Абай мұрасының зерттелуі мен Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы нақтылы кезеңдерге бөлініп сипатталған. Бір ғасыр бедеріндегі ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктер мен кемшіліктер бүгінгі күн тұрғысынан таразыланады.

Негимов, Серік. Абайдың көркемдік және ғылыми дүниетанымы [Мәтін] / С. Негимов. - Нұр-Сұлтан : Алашорда, 2021. - 288 б.

«Абай академиясы» сериясының осы басылымында қазақ жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл, хәкім, композитор, ұлт қайраткері Абайдың шығармашылық өнернамасы — көркемдік, пәлсапалық, ғылыми дүниетанымы тарихи-филологиялық тұрғыдан сараланып зерделенеді.
Кітап абайтануға ынтызар жалпы оқырманға, сондай-ақ білім, ғылым, мәдениет саласы мамандарына, білім алушыларға арналған.